Цвиттер-иондық БАЗ

Цвиттер-иондық БАЗ-дың молекулаларында екі қарама-қарсы зарядталған топ болады. Әдебиеттерде оларды жиі амфотерлік деп атайды. Бірақ ол қате, өйткені «цвиттер-иондық» және «амфотерлік» терминдері синоним емес. Амфотерлік БАЗ ерітіндінің рН-на байланысты катиондық, цвиттер-иондық және аниондық БАЗ бола алатын заттар. Оған мысал амин қышқылдары. Цвиттер-иондық БАЗ рН-тың кең диапазонында зарядтардың біреуін ғана сақтайды. Оң заряд әрқашан аммоний тобымен қамтамасыз етеді, ал теріс зарядталған топтар әр түрлі болуы мүмкін, теріс зарядтар көбінесе карбоксилат ионмен қамтамасыз етіледі. Мұндай БАЗ кейде амфотерлікке де жатады, бірақ жоғарыда қарастырылғандай бұл терминдер (амфотерлік және цвиттер иондық) әр түрлі мағына береді. Амфотерлі БАЗ-дың зарядтары рH-қа тәуелді өзгереді, яғни қышқылдан сілтіге дейін рH-тың өзгеруінен БАЗ-дың катиондықтан цвиттер-иондыққа, одан аниондық БАЗ-ға дейін БАЗ-дың типі (түрі) өзгереді. Қышқылдық топтардың да, негіздік топтардың да тұрақты зарядты болмайды. Мұндай БАЗ-дар бегілі бір рH интервалында цвиттер иондық БАЗ болады. Амфотерлік БАЗ -дың рH-ның өзгеруі зарядтарды өзертеді, әрине оның көбік түзуші және жуғыш қабілеті, жуғыш әсері сияқты қасиеттеріне әсер етеді, яғни БАЗ-дың басты қасиеттері рH-қа тәуелді болады. Изоэлектрлік нүктеде осындай БАЗ-дың физика-химиялық қасиеті иондық емес БАЗ-дың қасиетіне ұқсас болып келеді. Изоэлектрлік нүктенің төменгі және жоғарғы жағында катиондық немесе аниондық сипаты бар. БАЗ-ға сәйкес болады. Сульфатты немесе сульфонатты топтар бар БАЗ-тар молекулалардың теріс зарядын қамтамасыз етеді, моноалкилді және алкилсульфонды қышқылдарының рКа-сының мәні өте төмен болғандықтан, олар рН-тың өте төменгі мәндерінде цвиттер-иондық болып қалады. БАЗ-дың цвиттер-иондық түрлері қарапайым аминқышқылдардың (мысалы, глицин (NH4CH2COOH), бетаин ((CH2)2NCH2COOH), аминопропион қышқылы (NH2CH2CH2COOH) N – алкилтуындылары жатады. Мұндай БАЗ-ды аминқышқылдардан алмайды, ұзынтізбекті аминдердің натрий хлорацетатының немесе акрил қышқылының туындыларының реакцияларымен алады, сонда көміртектінің бір немесе екі атомының сәйкесінше азотпен және карбоксилат тобымен құрылымын түзеді. Мысал ретінде, төменде алкилдиметиламиннен және натрий монохлорацетатынан алынған БАЗ-ды бетаин туындыларын алудың реакциясының сұлбасы көрсетілген:



Амидбетаин туындыларын алу, амидаминнің алынуына ұқсас :

Цвиттер-иондық БАЗ-дың әдетте имидазолиндер деп аталатын басқа түрін май қышқылы мен аминоэтилэтанолымен реакциясымен синтездеп, содан соң хлорацетатпен өндеу арқылы алады. БАЗ-дың бұл түрінің наменклатурасы соңғы өнімде имидазольдік соңына өте күрделі, бірақ кейіннен бесмүшелі сақина синтезтік екінші сатысында үзілетіні белгілі болды. Мұндай реакциялардың тізбектері мынадай:

N CH2CH2OH R – COOH + H2NCH2CH2NHCH2CH2OH R – C + R – CON N CH2CH2NH2 CH2CH2OH + R – CONHCH2CH2NHCH2CH2OH CICH2COO- R – CON – CH2CH2OH CH2CH2NH2CH2COO- + R – CONHCH2CH2NH – CH2COO - CH2CH2OH

Цвиттер-иондық БАЗ өте жақсы дерматологиялық қасиетімен сипатталады, көзге тітіркену әсерін бермейтіндіктен косметикалық заттарда және шампундарда колданады. Мұндай БАЗ-ң молекуласының жиынтық заряды нолге тең болғандықтан, олар иондық емес БАЗ сияқты, электролиті көп композицияларда да қасиеттерін жоғалтпайды. Дәстүрлі түрде цвиттер – иондық БАЗ таза сілтілік заттарда қолданылады.

5- суретте цвиттер-иондық БАЗ-дың түрлеріне мысал келтірілген, ал 1.7-кестеде БАЗ-дың осы класының ақпараттары жазылған. Бұрын ескертілгендей, аминоксиді БАЗ немесе дұрысы үшіншілікті аминдердің N-оксидтері кей-кезде цвиттер-иондық, кейде иондық емес, ал кейде катиондық БАЗ-ға жатады.




8231739038417530.html
8231749194551303.html
    PR.RU™